Қарағандылық батутшыға әлем кубогы табысталды

Қарағандылық батутшыға әлем кубогы табысталды

Қазақстан тарихында тұңғыш рет ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Данил Мұсабаев батут гимнастикасынан әлем кубогының жеңімпазы атанды. Қарағандылық осы әлемдік біріншіліктің төрт кезеңінде жеңіп алған жалпы ұпай саны бойынша ең мықты батутшылардың арасында бірінші болды.

Кубокты спортшыға Болгарияда өтіп жатқан әлем чемпионатында FIG (Халықаралық гимнастика федерациясы) өкілдері табыстады.

Бастапқыда спортшылар жинаған ұпайларда қате анықталды. Жүлде португалдыққа берілді. Алайда, қайта есептеуден кейін кубок қарағандылық спортшыға табысталды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша