Қарағанды облысында Ақселеу Сейдімбектің шығармаларына үздік буктрейлерлер таңдалды

Қарағанды облысында Ақселеу Сейдімбектің шығармаларына үздік буктрейлерлер таңдалды

Қарағанды облысында кітапханашылар арасында "Мен оқыдым, Сізге де оқуға кеңес беремін" буктрейлерлер байқауының қорытындысы шығарылды.

Бас жүлдені Шет ауданы ОКЖ өкілдері Бақдәулет Көпбаев пен Айгүл Исатаева "Тауға біткен жалбыз" буктрейлерімен жеңіп алды.

Байқау Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына арналған "Арқа даласы – Ақселеу әлемінде" өлкетану әдеби марафоны аясында өткізілді. Шараны Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК ұйымдастырды.

– Сәуір айында этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығын инновациялық нысандар арқылы насихаттауға, кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін ашуға, кітап оқуға тартуда дәстүрлі емес жұмыс әдістерін енгізуге бағытталған конкурс ережелері жарияланды, – дейді Гоголь атындағы кітапхананың Өлкетану әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Сандуғаш Телпекбаева. – Қатысу үшін облыстың орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашыларынан 33 өтінім келіп түсті. Дайын жұмыстар (бейнеклиптер) әлеуметтік желіде бір күнде – 12 шілдеде хэштегтерді қолдана отырып орналастырылды. Бұл бейнелер 4 ай бойы оқырмандардың назарында болды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Гоголь атындағы ОӘҒК қызметкері Елена Абрамчук "Қазақтар әлемі" буктрейлері үшін алды.

– Менің буктрейлерім Ақселеу Сейдімбектің "Қазақтар әлемі" кітабы бойынша жасалды. Мен оны оқыдым, фото және бейне ақпарат жинадым, дыбыстауға арналған шағын мәтін дайындадым, қай дауыс жақсы, еркек немесе әйел дауысы жақсырақ келетінін ойластырдым. Мен ер адамның дауысына тоқталдым, өйткені буктрейлерде аң аулау туралы айтылады. Жарты ай ішінде жоба дайын болды, – дейді Елена Абрамчук.

"Көрермендер көзайымы" номинациясында ең көп қаралған буктрейлері үшін марапатты Шахтинск қаласының ОКЖ қызметкерлері ұсынған "Қазақ әлемі" бейнеклипі алды.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Кітапханада хабарлағандай, жыл басынан бері өтіп жатқан "Арқа даласы – Ақселеу әлемінде " өлкетану әдеби марафонының соңғы кешінде жазушының туған күні – 12 желтоқсанда өтеді.