Қарағанды облысында сайлауға келген дауыс берушілер 78,39% құрады: ОСК алдын ала қорытындыларын жариялады

Қарағанды облысында сайлауға келген дауыс берушілер 78,39% құрады: ОСК алдын ала қорытындыларын жариялады

ОСК-да Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлауға қатысудың алдын ала қорытындылары шығарылды. Сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың 20 қарашасында сағат 22:00-те бюллетеньдер тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 69,43 % құрады. Қарағанды облысында өз дауыстарын 78,39 % тұрғын берді.

Сайлауда Жетісу облыс тұрғындары белсенділік танытты – дауыс бергендердің пайызы 81,42.

Естеріңізге сала кетейік, республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске, оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанында – 53 елде 68 учаске жұмыс істеді.

Дауыс беру тізіміне 11 млн 950 мың 485 азамат енгізілді.