
Сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Қазақстанда 2022 жылғы 20 қарашадағы сағат 14:05-тегі жағдай бойынша бюллетеньдерді тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 51,16%-ы алды. Қарағанды облысында өз дауыстарын 53,75 % адам берді.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде 642 сайлау учаскесі жұмыс істейді. 770 мыңға жуық сайлаушы тіркелген.
Республикада және облыста сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22:05-те белгілі болады.