
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді. Өңір басшысы Қарағандыдағы әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиянда орналасқан №42 сайлау учаскесінде өз дауысын берді.

– Біздің учаскеде 1825 сайлаушы тіркелген, оның ішінде 37-і бірінші рет дауыс берушілер. Үйден сайлауға қатысу туралы өтініштер түскен жоқ. Таңғы сегізге дейін 60-қа жуық адам дауыс берді, – деді № 42 учаскелік комиссияның төрайымы Сабина Бижанова.
Дауыс беру процесін коммерциялық емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің тәуелсіз бақылаушылары қадағалайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында дауыс беруге арналған 642 учаске бар. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, 770 мыңға жуық сайлаушы тіркелген.