Қарағандыда бірбеткей мысық туралы Киплингтің ертегісі қойылды

Қарағандыда бірбеткей мысық туралы Киплингтің ертегісі қойылды

Қарағандылықтар бүкіл әлемге танымал Редьярд Киплингтің шығармасын тамашалай алады. "Өз бетінше жүретін мысық" спектаклі қуыршақ театрының студиясында қойылды.

Премьерасы алдағы демалыс күндері, 19 және 20 қарашада, сағат 11.00-де музыкалық комедия театрының Қызыл залында өтеді.

– "Өз бетінше жүретін мысық" – өлмейтін классика. Біз классиканы балалар білуі үшін арнайы қоямыз, – дейді спектакль режиссері Надежда Корниенко. – Спектакльдегі әр әртістің екі рөлі бар және олар өзгеріп отырады. Бұл дегеніміз, әр спектакль ешқашан бұрынғысына ұқсамайды, ол көрермендермен үндесіп, үнемі жетілдіріліп отырады.

Бұл достық, таңдау және жауапкершілік туралы ертегі. Ол балаларды уәделерін орындауға және бір ымыраға келу қабілетіне үйретеді.

Спектакльде Теміртау композиторы Евгений Зюбенко жазған ерекше музыка ойналады. Биік қуыршақтарды музыкалық комедия театры труппасының үздік әртістері дыбыстады. Мысалы, мысықтың дауысын солист Анна Беспалова салды.

Суретші-сценарист – Анара Қажығалиева. Жануарлардың жарқын бейнесін костюм бойынша суретші Жанагүл Сәдуова бейнелеген. Балетмейстер Станислав Миначовтың бұл дебюті биік қуыршақтардың қатысуымен өтеді.

Премьера билеттері театр кассасында және ticketon.kz сайтында сатылады. Бағасы – 300 теңге.

"Өз бетінше жүрген мысық" спектаклін 4 желтоқсанда сағат 16:30-да көруге болады.