Саран студенттері тахикардиямен ауыратындарға арналған мобильді қосымша ойлап тапты

Саран студенттері тахикардиямен ауыратындарға арналған мобильді қосымша ойлап тапты

Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері тахикардиямен және басқа да жүрек ауруларымен ауыратындарға арналған HeartBeat мобильді қосымшасын әзірледі. Олар өздерінің әзірлемелерін Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің базасында өткен облыстық "Жастар – шағын бизнеске!" бизнес-жобалар байқауында таныстырды.

Студенттер "Байланыс, ақпарат, білім" саласының үздік бизнес-жобасы номинациясында жеңіске жетті.

– Біздің досымыз тахикардияға шалдыққан, сондықтан біз осындай қосымша құруды шештік. Біз оның қаншалықты қиналатының және жүрек денсаулығын бақылау қаншалықты маңызды екенін білеміз, – дейді Виталий Чернышов. – Жоба бойынша біз үшеуміз жұмыс істедік: мен, Нұртай Ибраев және Ирина Поповская. Біздің қосымшаның бірегейлігі – пациенттің медициналық көрсеткуштерін енгізгеннен кейін әр адамды жеке бақылайды. Біздің қосымшаны ақылды сағатқа қосуға болады.

Сондай-ақ жедел жәрдем шақыру, жақын маңдағы дәріханалардың тізімі, дәрі-дәрмек бойынша нұсқаулар және олардың бағасын көрсететін мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, диета және пациентке ұсынылатын жаттығулар тізімі көрсетіледі.

Қосымшаны смарт-сағатқа қосқан кезде қан қысымын, жүрек ырғағын және дене температурасын өлшеу функциялары, адам өміріне қауіпті өзгерістерді анықтаған кезде жедел жәрдем қызметіне автоматты түрде қоңырау шалу, қажетті жаттығулар мен диетаны орындаудың дәл ұсыныстары бар.

"Қазақмыс" Корпорациясының политехникалық колледжі студенттері Нұрай Болатқан мен Әдемі Болатованың жобасы "Жастар – шағын бизнеске!" байқауының “Туризм және экология" бағыты бойынша номинант аталды. Олар этноспорт лагерін құру идеясын ұсынды.

– Этноспорт лагерін құру идеясы "Кәсіпкерлік дағдылар негіздері" сабағында өздігінен пайда болды. Онда біз презентация үшін бизнес-идея таңдадық, – дейді жоба авторлары. – Жобамен бір айға жуық жұмыс істедік, өйткені киіз үй, қазақтың ұлттық үстелдері және т. б. түріндегі қажетті жабдықтарды орналастыру, сатып алудың қолжетімді нұсқаларын іздедік.

Байқауға барлығы 20-дан астам колледж қатысты, 31 жоба ұсынылды.

Жеңімпаздар дипломдармен, ал финалға қатысушылар – Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының сертификаттарымен марапатталды.