
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы әдеби косплей-фестивалін өткізеді. Оған 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар мен олардың ата-аналары қатыса алады. Өтінімдер 5 желтоқсанға дейін odb_abai@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Косплейдің өзі 9 желтоқсан сағат 17.00-де өтеді.
Фестиваль бағдарламасында:
- Косплей-дефилесі;
- Әдеби образдың театрландырылған қойылымы;
- Әдеби викторина;
- Косплей дискотекасы.
Жүлделі номинациялар:
- "Үздік көркем бейне"(образды дәлме-дәл жеткізу, костюмнің өзін көрсету және оның өзіндік ерекшелігі);
- "Үздік балалар косплейі "(7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар);
- "Үздік отбасылық косплей" (бір тақырыпты біріктірген костюмдер киген ата-аналар мен олардың 15 жасқа дейінгі балалары);
- "Үздік MAKEUP" – бет әлпеті образы;
- Oroginal -косплей (қатысушының өзі ойлап тапқан образы, өз қолымен жасалған костюм).
"Бұл анимациялық фильмдерге, сериалдарға, комикстерге, қиял-ғажайып кітаптарға, компьютерлік ойындарға, музыкаға, биге, әдебиетке және т.б. құмар балалар мен жасөспірімдерді біріктіретін ашық әдеби фестиваль болады. Косплей – бұл костюм ойыны, сүйікті кейіпкерді ойнау, оның киімін, сыртқы келбетін, мінез-құлқын және т. б. дәл көшіру", – деді кітапханада.
Косплей-фестивальдің тұжырымдамасымен және шарттарымен кітапхана сайтында танысуға болады: odb-abai.kz.
Барлық сұрақтар бойынша (8-7212) 41-23-25 нөміріне хабарласуға болады.