
Қарағандылықтарды 19 қараша 17.00-де «Шалқыма» концерт залында өтетін Қазақстан жазушылар және композиторлар одағының мүшесі Тілеуғазы Бейсембектің 80 жылдығына арналған авторлық кешке шақырады.

Кеш барысында Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрі, мәдениет қайраткері Меруеш Башай, халықаралық байқаулардың лауреаттары Рысты Рахымжан, Азат Тұранел, Амира Амангелдина, Бекжан Әбдікеров, Фариза Иса, Аружан Серікбекова, Айзия Темірханова, Шыңғысхан Күшмағанбет, Бағым Медетпек, Данель Досмахова, Айым Бекетай, Айтуар Бекетова және Айша Қожабай өнер көрсетеді.
Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов.
Жүргізуші – Людмила Гольская.
Анықтама телефондары: 41-13-13, 41-22-30.