Қарағандылықтарды Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған концертке шақырады

Қарағандылықтарды Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған концертке шақырады

Қарағандылықтар мен қала қонақтарын 26 қарашада «Шалқыма» концерт залында КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, композитор профессор Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған концертке шақырады. Басталуы 17.00-де.

Музыка кешінде Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды симфониялық оркестрі және солистер, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат Күзембаев (баритон), Гүлзат Дәуірбаева (сопрано), Дәуренбек Аркенов (дәстүрлі әндер орындаушысы) және Серік Еркімбеков (фортепиано) өнер көрсетеді.

Дирижер – оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижер, бүкілресейлік байқаулар лауреаты Пётр Грибанов.

«Еркеғали Рахмадиев 8 жыл мемлекеттік консерваторияны басқарған, 27 жыл Қазақстан композиторлар Одағының төрағасы болған, КСРО Композиторлар Одағының хатшысы қызметін атқарған, мәдениет министрі болған. Ол «Қамар сұлу», «Алпамыс», «Абылай хан» операларының авторы, сондай-ақ оркестрлік, вокалды-хор, театралды-сахналық, камералық-аспаптық шығармалардың, әндер мен романстардың авторы», – деп атап өтті Қали Байжанов атындағы КБ.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.