
Қарағанды индустриалды университетінің ректоры Болатбек Әбдірасылов және осы ЖОО-ның "Энергетика, көлік және басқару жүйелері" факультетінің деканы Болат Махмұдов Туған жер туралы "Қуатты Қазақстаным" патриоттық әнін жазды. Поэтикалық шығарманы жазу үшін оларға шамамен үш апта қажет болды.

– Ән жазу идеясы Болатбек Әбдірасыловқа тиесілі. Біз әділ және мықты Қазақстанға құрмет көрсеткіміз келді. Біздің еліміздің болашағы өте зор. Ең алдымен, біз жастарға ой тастағымыз келді, өйткені елдің әл-ауқатын жақсартуға және оны гүлденген мемлекетке айналдыруға негізгі үлес қосатын солар, – дейді Болат Махмұдов.
Композитор Қызылорда қаласының музыканты Талғат Нағашыбаев болды. Жас жігіт Facebook-те мәтінді көріп, әуен жазуды ұсынған.
Композицияны Ержан Қонақбаев орындады. Әнші университеттегі іс-шараларға жиі қонақ ретінде қатысып отырады.

Ең бастысы – ән студенттерге ұнады. Мәтінді оқығаннан кейін олар міндетті түрде бейнеклип жасаймыз деп шешті. Бұл үшін арнайы флешмоб дайындалды. Оған 150-ден астам белсенді студенттер қатысты. Дайындық төрт күн бойы өтті.
– Жаңа ән орындаушылық қарқынымен ерекшеленеді, жастардың көңіл-күйі мен рухын көтереді. Біз бұл ән барлығына ұнайтынына және жаңа Қазақстан жастарының әнұранына айналатынына сенімдіміз, – деп есептейді Болат Махмұдов.