
2022 жылғы 16 қарашада сағат 10:00-де ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевтің Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесудің өтетін жері: Теміртау қаласы, Республика көшесі 38, Теміртау Мәдениет үйінде өтеді.
Онлайн-трансляция ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қарағанды облысы әкімдігінің YouТube, Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.
Министрмен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды келесі байланыс арналарын пайдалана отырып жібере аласыз: WhatsApp нөміріне: 8-708-132-78-66 және электрондық мекенжайға: surak@ecogeo.gov.kz
Халықпен кездесуді өткізу барысында:
- коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесу;
- азаматтарды жеке қабылдау;
- БАҚ өкілдеріне арналған брифинг ұйымдастыру жоспарлануда.
Кездесуге жазылу үшін мына телефондар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-708-132-78 66.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі