
Ақтоғай ауданында Шабанбай би Қалқаманұлының мүсіні ашылды. Оны танымал шешеннің ұрпақтары мен мектеп түлектері орнатты.

Қазақ халқының көрнекті қайраткері Шабанбай би Қалқаманұлына ескерткіш аттас ауылда орнатылған. Оның жалпы биіктігі – 4,4 метр. Бюстті мүсінші және суретші Бейбіт Мұстафин жасаған.

– Мүсінмен бір айға жуық жұмыс істедім. Бюст арматураланған бетоннан жасалған және қолаға боялған. Бұл өте берік материал. Тұғыр да бетоннан жасалған және гранитпен қапталған, – дейді Бейбіт Мұстафин. – Керемет қиындықтар болған жоқ, өйткені мен бұған дейін де осындай көлемді ескерткіштермен жұмыс істедім. Мен Бұқар жырау, Қарқабат-ана, Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейхан, Сәкен Сейфуллин ескерткіштерінің авторымын. Олар біздің облыстың әртүрлі аудандарында орнатылған.


Ескерткішті ашу идеясы Шабанбай би атындағы ауыл мектебінің 1982 жылғы түлектері мен шешеннің ұрпақтарына тиесілі.

Бюст ашылғаннан кейін олар «Тоқырауын толқындары» халық ансамблінің концерттік бағдарламасымен жалғасқан ас ұйымдастырды.

– Жергілікті мектеп түлектері жыл сайын туған ауылына көмек көрсетеді. Олардың арқасында саябақ салынып, Әлихан Бөкейханға ескерткіш орнатылды. Биыл олар Шабанбай би Қалқаманұлын еске алуды ұйғарды, – деді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі – ақын Қуаныш Мақсұтов.
