Nur Qadam – 2022: Қарағанды қаласы әкімінің жастар сыйлығын беруге құжаттар қабылдау басталды

Nur Qadam – 2022: Қарағанды қаласы әкімінің жастар сыйлығын беруге құжаттар қабылдау басталды

Қарағанды қаласы әкімінің "Nur Qadam – 2022" жастар сыйлығын алуға құжаттар қабылдануда, деп хабарлайды қалалық ЖРО.

Сыйлық 14 пен 29 жас аралығындағы Қарағанды тұрғындарына келесі номинациялар бойынша жастар арасында танылған жемісті ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін беріледі:

- «Жас жұмысшысы»;

- «Отан қорғаушы»;

- «Жас мұғалім»;

- «Жас медицина қызметкері»;

- «Жас волонтер»;

- «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін»;

- «Жас спортшы».

Қатысуға өтінімдер nurqadam2022@mail.ru электрондық мекенжай бойынша 5 желтоқсан сағат 19.00-ге дейін қабылданады.

Байқау туралы толығырақ +7-708-968-80-58 (WhatsApp) телефоны арқылы білуге болады.