Қарағандыда "Сарыарқа әуендері" облыстық байқауының қорытындысы шығарылды

Қарағандыда "Сарыарқа әуендері" облыстық байқауының қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысының аудандары мен қалалары арасында "Сарыарқа әуендері" халық шығармашылығы байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Бас жүлде Бұқар Жырау ауданына бұйырды.

Іс-шараға 300-ден астам адам қатысты.

Байқау мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен мәдениет үйлері мен мәдени-демалыс орталықтары арасында өтті. Бір айдың ішінде қазылар алқасы өңірдің жеті ауданына және бес қаласына барды, онда ҚҚӨ және қазақ қолөнерінің көрмелері, сондай-ақ театрландырылған концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Қарағанды кеншілер мәдениет сарайында гала-концерт және үздік көркемөнерпаздар ұжымдарын марапаттау өтті.

Аудандар арасында бас жүлдеге Бұқар Жырау ауданының қатысушылары ие болды.

Осакаров ауданына бірінші орын берілді. Екінші орынды Ақтоғай және Нұра, үшіншіні Қарқаралы, Шет және Абай аудандары бөлісті.

Қалалар арасында бірінші орын Теміртаудың шығармашылық ұжымына бұйырды. Саран мен Қарағанды екінші орында, Балқаш пен Шахтинск үшінші орында.

Барлық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.