Қарағандылықтарды фортепиано музыкасы кешіне шақырады

Қарағандылықтарды фортепиано музыкасы кешіне шақырады

Фортепиано музыка кеші 16 қарашада «Шалқыма» концерт залында өтеді. Концерт Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің 70 жылдығына арналған. Осы оқу орнының түлегі – ҚР Мәдениет үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті Гүлнар Құрамбаева солист болады.

Пианист ҚР Халық әртісі әйгілі музыка педагогы Жәния Әубәкірованың мектебінен өткен. Ол өзі де бірнеше талантты музыканттарды дайындаған.

Гүлнар Құрамбаева Қазақстанда да, шетелде де белсенді өнер көрсетеді. Оның концерттері Литвада, Үндістанда, Қытайда, Грузияда өтті. Пианист әйгілі дирижерлермен – Тао Линмен (Қытай), Анатолий Левинмен, Александр Поляничкомен, Валентин Урюпинмен (Ресей), Дориан Уилсонмен (АҚШ) және басқалармен ынтымақтастықта болды. Солист ретінде Қытайдың 40-қа жуық ірі қаласында Қарағанды симфониялық оркестрімен өнер көрсетті.