Сандық төлқұжат eGov Mobile мобильді қосымшасында қол жетімді болды

Сандық төлқұжат eGov Mobile мобильді қосымшасында қол жетімді болды

EGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – «ҚР азаматының паспорты» қолжетімді. Оны тек Қазақстан шегінде пайдалануға рұқсат етіледі.

Сандық төлқұжатты eGov mobile қосымшасында жеке куәлікке ұқсастығы бойынша сәйкестендіру үшін пайдалануға болады.

Егер пайдаланушы цифрлық паспортта қате мәліметтерге тап болса, «қате туралы хабарлау» батырмасын басу арқылы e-Otinish арқылы өтініш беруге болады.

– «Сандық құжаттар» – eGov Mobile қосымшасындағы танымал қызметтердің бірі. Бүгінгі таңда құжаттың түпнұсқасы болмаған кезде смартфонда сандық құжатты пайдалану өте ыңғайлы. Сандық төлқұжат пайдаланушылардың көптеген сұраныстары бойынша жүзеге асырылады. Жаңа құжатты цифрлық жеке куәлікпен тең пайдалануға рұқсат етіледі. Мысалы, егер сіз куәлікті жоғалтсаңыз немесе жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, цифрлық паспортты балама ретінде пайдалана аласыз, – деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Жаңа сандық құжатты табу үшін eGov Mobile қосымшасына кіру керек. Басты бетте «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «ҚР азаматының паспорты» батырмасын басыңыз.

Қазіргі уақытта EGOV mobile мобильді қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде 7 млн-нан астам азамат белсенді пайдаланатын 20 құжат (жеке куәлік, ҚР азаматының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР-тест, туу туралы куәлік және т. б.) бар.

egov.kz