
Қарағанды облыстық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының он тоғыз оқушысы Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауының лауреаттары мен дипломанттары атанды.

Шығармашылық жарыс Алматы қаласында өтті.

– Барлығы 200-ге жуық қатысушы болды. Біздің мектептен 20 бала барды, оның 19-ы осы байқаудың лауреаттары мен дипломанттары болды. Бізде мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат болғандықтан, оқушыларымыз тұрақты негізде облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысады. Біз олардың жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болғанын мақтанышпен айта аламыз, – деп атап өтті МММИ халық аспаптары бөлімінің меңгерушісі Марал Оразбекова.
