Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық ахуал туралы

Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық ахуал туралы

Қарағанды облысының медициналық ұйымдарына күн сайын жіті респираторлық вирустық инфекциясы бар тұрғындардан 300-ге дейін өтініш келіп түседі. Олардың шамамен 60%-ы балалар. Мұндай аурулардың алдын алудың тиімді әдісі вакцинация болып қала береді.

Қарағанды облысының бас штаттан тыс эпидемиологы Аслан Теміров өңірдегі ағымдағы эпидемиология және тұмау мен ЖРВИ алдын алу шаралары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтып берді.

– Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бері облыста жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 43 645 жағдайы тіркелді. Облыста сырқаттанушылық өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінде қалып отыр. Тұмаудың зертханалық расталған 46 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14-15 жасқа дейінгі балалар арасында. 4 % өсу үрдісі байқалады, – деді Аслан Теміров.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына сәйкес, биыл тұмау вирусының үш штаммы өзекті болады – H1N1, H3N2 және В тобы.

Қарағанды облысында Ресейде өндірілетін "Гриппол плюс" препаратының 210 мың дозасы сатып алынды. Бұл өңір халқының жалпы санының 15%-ын вакцинациямен қамтуға мүмкіндік береді. ДДҰ 10% қамтуды ұсынады.

Бірінші кезекте халықтың осал топтары – медицина қызметкерлері, балалар және т. б. вакцинациялауға жатады. Қазан айының басынан бастап облыста 139 мыңнан астам адам егілді. Вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.

Коронавирустық инфекцияға келетін болсақ, бүгінде аймақта аурудың жекелеген жағдайлары тіркелген. Ауыр науқастар жоқ.