Қарағандыда көкпардан облыстық чемпионат өтеді

Қарағандыда көкпардан облыстық чемпионат өтеді

Қарағандыда 12—13 қарашада Кенесары ханның 220 жылдығына арналған көкпардан облыстық чемпионат өтеді.

— 12 қарашада сағат 09:00-ден 10:30-ға дейін ат шеруі өтеді, ойын 11:00-де басталады. Чемпионатқа Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Бұқар Жырау аудандарынан және Қарағандыдан "Тұран ел" және "Бәйтерек" клубтық командалары, барлығы 10 команда қатысады. Бастапқыда чемпионатты Үштөбе маңындағы ипподромда өткізу жоспарланған болатын, бірақ ойын орны өзгерді. Жарыс "Баспана" ТК ауданында өтеді, — деді көкпардан облыстың аға жаттықтырушысы Нұржан Шайхин.

Жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықтарға ие болады.