Қарағанды облысында карбид пен ферроқорытпа өндірісі ұлғаюда

Қарағанды облысында карбид пен ферроқорытпа өндірісі ұлғаюда

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Теміртауға жұмыс сапары барысында электрометаллургиялық комбинатта болды. Аймақ басшысы цехты аралап көрді. Оған өндірісті жаңғырту және дамыту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы айтылды. Жиналыс барысында мемлекеттік органдардың қатысуын талап ететін проблемалық мәселелер де талқыланды.

«ТЭМК» АҚ химия өнеркәсібінің жетекші кәсіпорны болып табылады. Бұл Қазақстандағы кальций карбиді және ферросиликомарганец шығаратын жалғыз зауыт. Өнім металлургия саласында қолданылады.

«ТЭМК» АҚ Басқарма төрағасы Жұмабек Жанықұловтың айтуынша, өткен жылы өндіріс көлемі рекордтық көрсеткішке жетіп, екі есеге артты. Сондай-ақ тиімділік жақсарды.

- Кальций карбидін біз таяу шетелдердің 8 еліне жеткіземіз: Ресей, Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан және т.б. осы өнімнің 90%-ын экспорттаймыз. Жаңа нарықтар табылды. Қазір Түркияға жібереміз, - деді Жұмабек Жанықұлов.

Кәсіпорында 1600 адам еңбек етеді. Өткен жылы жұмысшылардың жалақысын екі есеге көтерді, деп атап өтті басшы.

Өндірісті жаңғырту жүргізілуде. Биылғы жылы 1 млрд. теңге инвестиция жоспарланған. Бұл қаражат жұмыс істеп тұрған Жабдықты жөндеуге және жаңа ферроқорытпа пешін орнатуға жұмсалады. Инвестиция өндірістің тұрақтылығын және өнім көлемінің одан әрі өсуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде кәсіпорын жаңа жұмыс орындарын ашып, бюджетке салық төлемдерін ұлғайтады.

Облыс әкімі кәсіпорын басшылығымен зауыттың болашағына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Олар инфрақұрылым, сондай-ақ коммуналдық меншікке беру бейінді емес активтер төңірегінде болды. Осы мәселелердің әрқайсысы бойынша Жеңіс Қасымбек кеңеске қатысқан қол астындағы қызметкерлерін тапсырма берді.

«ТЭМК» АҚ – қызметі кен өндіруден бастап тауар өнімін өндіруге дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын толық интеграцияланған компания. Кәсіпорын марганец кенін және әктас өндіреді, олардан ферроқорытпа және кальций карбиді өндіріледі. Зауыттың 60 жылдан астам тарихы бар.