Қарағандылық жеңіл атлеттер Вера Карпованы еске алу республикалық турнирінде бірінші орынға ие болды

Қарағандылық жеңіл атлеттер Вера Карпованы еске алу республикалық турнирінде бірінші орынға ие болды

Жеңіл атлетикадан Қарағанды ОРБЖОММ оқушылары Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасындағы XVII республикалық матчтық кездесуде бірінші болды. Турнир ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вера Карпованы еске алуға арналды.

Ұлдар мен қыздар арасындағы жеңіл атлетикадан төрт жарысқа (2009–2010 ж. т.) еліміздің әр аймағынан 20 команда қатысты.

160-тан астам адам 60 метрге жүгіріп, ұзындық пен биіктікке секіріп, кросс жүгірді.

Екі күннің қорытындысы бойынша Қарағанды қаласының жеңіл атлетикадан ОРБЖОММ спортшылар командасы ұлдар арасында (1356 ұпай) және қыздар арасында (1237 ұпай) жалпы командалық күресте үздік атанды.

Екінші орында Астана қаласының № 9 БЖСМ ұлдары – 1181 ұпай, үшінші орында Өскемен қаласының жеңіл атлетикадан БЖСМ – 1148 ұпай.

Күміс жүлде 1104 ұпай жинаған Алматы қаласының № 2 БЖСМ қыздарына бұйырды. Петропавл қаласының БЖСМ спортшылары 1042 ұпай жинар, қола жеңіп алды.

Вера Карпова Қазақстанның 19 дүркін рекордсмені, КСРО чемпионатының, Еуропа Кубогының және басқа да көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы болды. Қазақстанның ең мықты көпсайысшыларын, соның ішінде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Карповты жаттықтырды. 2007 жылы қайтыс болғаннан кейін оған жеңіл атлетикадан "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағы берілді.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша