Қарағанды облысының шалғай аудандарынан тағы 14 жаңа автобус оқушыларды мектептерге тасымалдайтын болады

Қарағанды облысының шалғай аудандарынан тағы 14 жаңа автобус оқушыларды мектептерге тасымалдайтын болады

Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров және Шет аудандарының тағы 14 мектебінде, сондай-ақ Ақтау кентінде жаңа автобустар пайда болды. Көлік QazТеchnа Саран зауытында жиналды.

Автобустар "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ лизингтік бағдарламасы арқылы сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы сегіз мектеп көлікпен қамтамасыз етілуі тиіс.

"QazTehna" ЖШС Саран зауыты мектеп автобустарының кезекті партиясын жеткізді, олар Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров және Шет аудандарының ауылдық мектептеріне, және де Ақтау кентінің мектебіне берілді. Автобустардың кілтін білім вице-министрі Ғани Бейсембаев тапсырды", – деп хабарлады білім басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айынан бастап алғашқы бес жаңа автобус Абай, Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарында балаларды мектептеріне тасымалдап жатыр.

Көлік заманауи талаптарға сай келеді, қауіпсіздік белдіктерімен, мектеп рюкзактарына арналған сөрелермен, есіктері ашық тұрған кезде қозғалысты бұғаттау механизмімен жабдықталған, сонымен қатар жылдамдықты 60 км/сағ мөлшерде шектегіш қарастырылған.