
Қарағанды облысының балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Томатис-терапияға арналған жабдықтар сатып алды. Бұл әдістің негізгі міндеті – мидың есту арқылы қабылданатын ақпаратты өңдеу қабілетін жақсарту.

Орталықта әртүрлі психоневрологиялық патологиялары бар балаларға көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта мұнда 3 пен 18 жас аралығындағы 162 бала тұрады. Күндізгі стационар жұмыс істейді.

– Біз балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін, ересек кезде өздерін еркін сезініп, қалыпты өмір сүре алулары үшін барлық заманауи тәсілдерді қолдануға тырысамыз. Біз әлеуметтік дағдыларға назар аударамыз, моторлық, танымдық және сенсорлық функцияларды медициналық оңалту және түзету жүргіземіз. Шәкірттердің әрқайсысы үшін жеке жұмыс жоспары әзірленеді, – дейді директордың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Гүлшат Шәріпова.

– Құрылғы сенсорлық-моторлық аспектіні қамтуға мүмкіндік береді. Бірақ Томатис-терапия бәріне бірдей сәйкес келе бермейді. Балалар толық медициналық тексеруден өтуі керек. Невропатологтың мақұлдауынан кейін ғана жұмысқа кірісуге болады. Қазірдің өзінде мен балаларда оң динамиканы байқадым. Табандылық пайда болды, агрессия азаяды, стресс деңгейі төмендейді, – дейді дефектолог Гүлнара Маханбетчина.
