
Жас қарағандылықтар жастардың проблемалары туралы батыл айта алады және өз құрдастарының құқықтарын қорғай алады. 15 жастан 21 жасқа дейінгі креативті және алға қойған мақсатына ұмтылып тұрған белсенді жастарды еріктілер ретінде Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы балалар/жастар құқықтары комитетіне шақырады.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ирина Киселева осы жылдың тамыз айында қызметіне кіріскен. Оның балалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша көптеген жобалары мен идеялары жеткілікті.
– Жастар өз ойларын ашық білдіруге, олардың сөзіне құлақ асуын талап етуге және шешім қабылдауға, сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты әзірлеуге қатысу үшін қолдау алуға құқылы, ол үшін қажетті құралдары, кеңістігі мен мүмкіндіктері болуы тиіс. Әр бала ойлау және өз ойын білдіру еркіндігіне ие болуы керек, – дейді Ирина Киселева.
Ата-аналар балалардың проблемалары туралы әрдайым біле бермейді. Өскелең ұрпаққа іштегі мұңы және проблемаларымен құрдастарымен бөлісу оңайырақ. Сондықтан Ирина Киселева құрдастарының өмірін жақсы жаққа өзгертуге, құқықтық білім алуға уақыт пен күш жұмсауға дайын балаларға ынтымақтастық құруды ұсынады.
– Комитет әлі толық құрылған жоқ. Бірақ жұмыс онлайн режимінде жүріп жатыр. Менің нағыз көмекшіме айнала алатын орта мектеп оқушылары, заң және психология саласында білім алып жатқан студенттерге деген қажеттілігіміз бар. Маған белсенді азаматтық ұстанымы бар, дербес және тәуелсіз, өздері үшін нақты мақсаттарды анықтай алатын және оларға қол жеткізуге ұмтылатын, өз міндеттерін жақсы білетін және жауапкершілігін сезінетін қарағандылықтар керек, – дейді Ирина Киселева.
Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілімен байланыс телефоны: +7-701-444-39-74, instagram.com/bala_qorgau_uakili_krg/.