
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы оқушыларды Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері бойынша қызықты сабақтарға шақырады.

Оқушыларға тұрмыста қолданылатын заттар жайлы баяндалады.

Мұражай қызметкерлері қазақ халқы үшін олардың көркемдік құндылығы туралы әңгімелейді.

– Біздің шағын көрме залымыздағы әрбір бұйымның өзіндік тарихы бар. Мысалы, сырмақ, түс киіз, басқұр, асадал, торсық, ожау – мұның бәрі сүйіспеншілікпен және экологиялық таза материалдардан жасалған. Сонымен қатар, балалар осы заттарды жасаған шеберлер туралы біледі. Бүгінде облысымыздың ауылдарында ата-бабаларының дәстүрін жалғастыратын жас талантты қолөнершілер көп, – дейді мұражайдың ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы Мейрамгүл Елубаева.
Көрмеде бесік, сондай-ақ ат әбзелдері, ер тоқымдар, қамшыларды көруге болады.
– Сабақтар кез келген жастағы оқушылар үшін қызықты әрі маңызды болады. Әсіресе қалада тұратын және оқитын балалар үшін. Мұражайдағыдай ата-бабаларынан қалған зергерлік бұйымдармен олар тағы қайда таныса алады, – дейді Мейрамгүл Елубаева.

Сабақтарда мұражай қорларынан алынған экспонаттар пайдаланылады.
Тақырыптық сабақтар алдын ала жазылу бойынша өткізіледі.
Байланыс телефондары: (8-7212) 47-91-85, 475-475.