Осакаров ауданында компьютерлік томография кабинеті ашылды

Осакаров ауданында компьютерлік томография кабинеті ашылды

Осакаров ауданының орталық ауруханасының жанында жаңа компьютерлік томография кабинеті ашылды. Жоғары технологиялық аппарат дерттерді ерте кезеңде анықтауға және нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді.

КТ-зерттеулерді сәулелі диагностика мамандары өткізетін болады. Олардың барлығы оқудан өтіп, лицензия алған. Бұл медициналық қызмет ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін көрсетіледі, сонымен қатар ақылы түрде де өткізіледі. КТ зерттеуінен Осакаров және Нұра ауданының тұрғындары өте алады.

– Жаңа кабинеттің ашылуының арқасында науқастарды зерттеу және диагноз қою жүктемесі сәл азаяды. Біз трасса бойында орналасқандықтан біздің ауруханаға жол апатына ұшырағандарды көп алып келіп жатады. Бұл ретте осындай зерттеу жасау аса маңызды, – деп атап өтті аурухана директоры Ольга Травнева. – Аппарат облыстық бюджет есебінен сатып алынды. Томограф осыған дейін флюроаппарат тұрған жерге орнатылды. Біз ол жерде ремонт жасадық. Аппарат мәліметтерді бірыңғай ақпараттық жүйеге жіберу автоматты жүйесіне қосылған. Бұл нақты уақытта республиканың кез келген нүктесінде өткізіліп жатқан зерттеуді бақылауға және науқасты әрі қарай дұрыс емдеу тактикасын уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.