
«Те-ART-Көкше» IV Халықаралық театр фестивалінде Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры «Күміс бүркіт» және «Үздік актерлік ансамбль» номинациялары бойынша жеңіске жетті. Шараға қазылар алқасының іріктеуінен кейін 11 ұжым қатысты.

Ақмола облыстық орыс драма театрында өткен фестивальге Астана, Алматы, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Теміртау, Қостанай, сондай-ақ Қырғызстан, Грузия және Ресейден үздік шығармашылық ұжымдар жиналды. Олардың әрқайсысы көрермендер назарына соңғы жылдардағы ең сәтті қойылымдарының бірін ұсынды.

Теміртау театры фестивальге Николай Коляданың «Баба Шанель» атты жаңа комедиясын ұсынды. Қойылым режиссері – Владимир Дроздецкий.
Байқау қойылымдарын халықаралық беделді сарапшылар – театр сыншылары бағалады. Олардың қатарында Нияз Игламов, Лаша Чхартишвили, Владислава Куприна, Артём Друцкий, Анна Степанова бар. Комиссияны өнертану кандидаты, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәния Қабдиева басқарды.

– Қазылар алқасының құрамына кеңес жылдарынан кейінгі уақыттың ең үздік театр сыншылары кірді. Номинациялар және жалпы қарым-қатынасы бойынша барынша әділ өтті. Қазылар алқасы әр спектакльді талдап, әртістер мен режиссерлерге өз бағаларын беріп, талдауларымен және ұсыныстарымен бөлісті. Мұндай фестивальге қатысу одан әрі даму үшін өте пайдалы, – дейді Теміртау қаласының балалар және жасөспірімдер театрының жетекшісі Владимир Дроздецкий.

Бұл Теміртау театрының фестивальдегі екінші жеңісі. Өткен жылы «Көркемдік тұтастығы үшін» номинациясы «Тот самый день» спектакліне берілді.
Қазір театрда «Стендап на четырёх лапах» атты жаңа спектілін қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір уақытта қайғылы және көңілді шытырман оқиғалы қойылым осы жылдың соңында сахнада көрсетіледі.