Өнер барлығын біріктіреді: Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында бұрама қағазға салынған суреттер көрмесі өтеді

Өнер барлығын біріктіреді: Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында бұрама қағазға салынған суреттер көрмесі өтеді

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 2 қарашада «Өнер барлығын біріктіреді» атты екінші арт-манифест-челлендж өтеді. Бұл жолы оны «НаТВОРИм» шығармашылық студиясы дайындайды. Өнерсүйер қауымның басын біріктіруге арналған шығармашылық шара 11:00-де басталады.

«НаТВОРИм» шығармашылық студиясы біртұтас кенеп – бұрама қағазға салынған картиналар жасайды.

«Бұрама қағаздан алынған әрбір сурет – бұл айналамыздағы және өзіміздегі өнер туралы ойландыратын шығарма. Картиналар түрлі техникалар мен жанрларда орындалады», – деді мұражайда.

Студия мүшелері шығармашылық бұрама қағаз жасайды.

Анықтама телефондары: 47-91-85, 47-54-75.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйекте изо мұражайында Sketch academy шығармашылық студиясының «Өнер барлығын біріктіреді» атты алғашқы көркем манифест-челленджі өтті.