Шахтинск тұрғындарының назарына!

Шахтинск тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қарашаның бірінші жартысында Шахтинск қаласына барады. Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу Шахтинск кеншілерінің мәдениет сарайында өтеді. Кездесу күні мен уақыты қосымша хабарланады.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) 5-38-79 телефоны немесе электрондық пошта арқылы қалдыруға болады: shahtinsk_cancel@krg.gov.kz.