
Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері алғаш рет Алматыда өткен күзгі жәрмеңкеге қатысты.

Ауыл тұрғындары 222 тоннаға жуық өнім әкелді.

Өңірдің жеті ауданы мен үш қаласының фермерлер алматылықтарға 40-тан астам тауар түрлерін ұсынды.

Ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімдері, ұн, жарма, жұмыртқа және т. б. нарықтық бағадан 15–20 % төмен бағамен сатылды.
