Нұра ауданында 300-ден астам жасыл желектер отырғызылды

Нұра ауданында 300-ден астам жасыл желектер отырғызылды

Шахтерское ауылында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Елді мекенде және жаңа Жастар аллеясының аумағында 300-ден астам жас ағаш отырғызылды.

Аллея 50 қарағаймен, 16 қызыл ағаш көшетімен және 13 талмен толықтырылды. Сонымен қатар, кеншілердің бос аумақтары көгалдандырумен қамтылды. Ағаш отырғызу бастамасы "Шахтерское" ЖШС басшысы Георгий Прокопқа тиесілі.

– Бірінші кезекте сақталуы керек негізгі ереже – тамырлардың ашық ауамен байланысын азайту. Көшеттердің тамыры әдетте тәлімбақта нашар тасымалданған кезде кеуіп қалады, – дейді "Шахтерское" ЖШС директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Алексей Мисник. – Сондықтан тамырлары кеуіп қалған ағаштар ұзақ уақыт тамыр жайып, баяу өседі, ал әлсіздері тіпті қурап кетуі мүмкін. Біз көшеттерді жақсы тамыр алу үшін барлық ережелерге сәйкес отырғызуға тырыстық.