
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында "Қауырсын қалам" қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бірінші орынды мектеп оқушылары Адина Несіпбекова мен Елизавета Барнавская иеленді.

"Байқаудың мақсаты – 12 жастан 15 жасқа дейінгі жас талантты авторларды іздеу және қолдау, оларға әдебиетке құмар құрдастарымен шығармашылық қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беру; балалардың шығармашылық өзін-өзі көрсетуіне және жеке дамуына ықпал ету. Қатысуға әр түрлі жанрдағы өз шығармалары ғана қатысты. Қазылар алқасының қарауына қаланың 25 мектебінен мемлекеттік және орыс тілдерінде 50-ге жуық жұмыс тапсырылды. Қазылар алқасы жұмысты бөлек – қазақ және орыс тілі бойынша бағалады", – деп хабарлады кітапханада.

Байқау қорытындысы бойынша іріктелген жүлдегерлер:

I орын – Адина Несіпбекова (№ 25 ЖББМ) және Елизавета Барнавская (№ 46 ЖББМ);
II орын – Айша Әбдіразақова (№ 21 ЖББОМ), Виктория Камышник және Арина Илясова (топтық жұмыс) (№ 25 ЖББМ);
III орын – Сұлтан Серік (Жаңаарқа ауданының Қызылжар ауылдық мектебі) және Евгений Зиберов (№ 46 ЖББМ).

Сондай-ақ, байқауға қатысушылардың жұмыстары түрлі номинацияларда атап өтілді.

– Мен Абай атындағы кітапхананың оқырманымын. "Қауырсын қалам" қалалық байқауы жарияланған кезде қатты қуандым. Қатысқым келді. Мен бұрын ешқашан әңгімелер жазған емеспін, бірақ жеке күнделік жүргіземін. Байқауға өз күнделігімнен "Қайдасың, Әлия?" атты әңгімемді ұсындым. Бұл менің өмірімдегі нақты оқиғаларға негізделген және менің досымның қайғылы тағдыры мен оған деген сағынышым туралы баяндайды, – деп бөлісті № 25 ЖББМ 7-сынып оқушысы Адина Несіпбекова.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


