Қарағандылықтарға қоқысты қайта өңдеу зауыттары қалай жұмыс істейтіні көрсетіледі

Қарағандылықтарға қоқысты қайта өңдеу зауыттары қалай жұмыс істейтіні көрсетіледі

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қарағандылықтарға қоқысты қайта өңдеу зауыттарының қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көруді ұсынады. Барлық ниет білдірушілер 28 қазанда тегін экскурсияға шақырылады.

Іс-шара "Бөл! Тапсыр! Қайта өңде!" жобасы аясында өтеді. Қарағандылықтар үш кәсіпорынға барып, заттар пайдаланғаннан кейін олар қалай қайта өңделетінін көре алады. Экскурсияны тәжірибелі экотренер Дамир Кәрімов жүргізеді.

– Көп адамдардың әлі күнге дейін қайта өңдеуші компанияларға деген сенімі жоқ. Көбісі қоқысты полигондарға апарады, сонымен болды деп ойлайды. Шын мәнісіне келер болсақ, мұның артында ауыр жұмыс жатыр. Экскурсия кезінде қандай заттар қайта өңделетіні және қайсысы өңделмейтіні туралы әңгіме болады. Дүкенге барар алдында мұны білу маңызды, – дейді Дамир Кәрімов.

Экскурсияға баруға және кері қайтарып алып келетін жайлы автобус ұйымдастырылады. Жол бойында жүлделері бар эковикторина өтеді.

Балалар экскурсияға тек ересектермен бірге жіберіледі.

Кездесу уақыты: 11:00.

Кездесу орны: Бұқар жырау даңғылы, 47 (Каскад алаңы)

Байланыс телефоны: +7-777-574-32-36.