Түрлі-түсті әлем: Бейнелеу өнері мұражайы қарағандылықтарды суретші Дмитрий Кецманның көрмесіне шақырады

Түрлі-түсті әлем: Бейнелеу өнері мұражайы қарағандылықтарды суретші Дмитрий Кецманның көрмесіне шақырады

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында суретші Дмитрий Кецманның "Түрлі-түсті әлем" атты жеке көрмесі бүгін, 27 қазанда өз жұмысын бастайды.

"Дмитрий Кецман – суретші және ағартушы, Beautiful Art студиясының жетекшісі. Балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар және оларға көп уақыт пен күш жұмсайды. Экспозицияда әртүрлі тақырыптағы 20-дан астам жұмыс ұсынылған. "Түрлі-түсті әлем" көрмесі 6 қарашаға дейін жалғасады", – деп хабарлады мұражайда.

Дмитрий 2012 жылы Қарағанды гуманитарлық колледжін, ал 2015 жылы Е. А. Бөкетов атындағы университеттің кәсіби-көркемсурет факультетін бітірген.