Қарағанды облысында 700-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды

Қарағанды облысында 700-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды

Жыл басынан бері Қарағанды облысында 745 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. Олардың 725-і жойылды.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз сақтау орындары космомониторингтің көмегімен анықталады, деп атап өтті Қарағанды облысының Экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте.

– Жылдан жылға облыс бойынша рұқсат етілмеген полигондардың азаюы байқалады. Мәселен, Қарағанды, Теміртау, Бұқар жырау, Осакаров аудандары бойынша қоқыс үйінділерінің азаюы байқалады, – деді Қанат Мұсапарбеков.

Бұқар Жырау ауданы, Қарағанды және Балқаш қаласы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің саны бойынша антилидерлер болып табылады. Егер алғашқы екеуінде оларды жою жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілсе, Балқашта белгілі бір қиындықтар бар, деп қосты спикер.

Өткен жылы Қарағанды облысында қалдықтарды орналастырудың рұқсат етілмеген орындарын анықтау, жою және болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Әкімдіктер, полиция департаменті және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармалары полигондармен бірлескен күрес жүргізуге міндеттенді.