
Қарағандылық спортшы Никита Ермаков пара армрестлингтен әлем чемпионатында екінші рет жеңіске жетті. Біріншілік Антальяда (Түркия) өтті.
Жарысқа 54 елден екі жарым мыңнан астам спортшы қатысты. Қарағандылық 55 келі санатында күресті. Нәтижесінде Никита Ермаков оң қолында бірінші, сол қолында екінші орын алды.

– Әлем чемпионатына, әрине, ең мықты спортшылар келді. Армения, Германия, Үндістан, Қырғызстан және Украинадан. Осындай лайықты қарсыластарды жеңгеніме өте қуаныштымын, – деді чемпион.
Спортшыны Руслан Түспеков жаттықтырады.
Осыған дейін алтын медальді Никита Ермаков Бухаресттегі әлем чемпионатында жеңіп алды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша