Қарағандылықтар көкпардан Шет ауданы әкімінің кубогында жеңіске жетті

Қарағандылықтар көкпардан Шет ауданы әкімінің кубогында жеңіске жетті

Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаровтың көкпардан кубогы алғаш рет ұйымдастырылды.

Ат спорты ойыны Республика күніне орайластырылды.

Жарысқа төрт команда қатысты: Қарағанды "Тұран Ел", "Ақши" – Ақтоғай ауданы Ақши ауылы және Шет ауданынан "TAU" және "Бақ" командалары.

"Көкпарда жылқы да, шабандоз да сыналады. Ойын қызықты болды. Барлық командалар жақсы дайындық көрсетті", – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды қарағандылықтар иеленді. Екінші орында Шет ауданының "Бақ" командасы болды, үшіншісінде ақтоғайлықтар орналасты.

Ойын демеушілері жеңімпаз командаларды ақшалай сыйлықтарпен марапаттады.