
Тәттімбет атындағы Қарағанды академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі "Гүлден бер, менің Қазақстаным!" мерекелік концертін өткізеді. Музыка сүйер қауымды 25 қазан сағат 15:00-де "Шалқыма" концерт залында күтеді. Кіру тегін.
Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.
Бас дирижер – "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей.
Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.