
21-қазан мен 2-қараша аралығында "Алтын ғасыр" галереясында жас суретшілердің "Қыстауға қаламыз" көрмесі өтеді. Оқушылар мен студенттерден құралған он жеті қатысушы өз жұмыстарын әртүрлі техникада ұсынады.
Суретшілердің барлығында дерлік кәсіби білімі болмаса да, шығармашылық арқылы қалың қауымға айтарлары бар.
Көрмеде 53 жұмыс ұсынылады. Бұл суреттер, мата мен көйлекке сурет салу, сәндік бұйымдар.
– Жұмыстар назар аударарлық, өйткені орындау техникасы мен тақырыбы бойынша қызықты. Қарағандылықтардың арасында шығармашылықпен айналысатын, өздерін іздейтін және оны көрсеткісі келетін адамдар бар екені таң қалдырады. Біздің "АртСтарт" алаңы кез – келген деңгейдегі суретшілер үшін өзін көрсету мүмкіндігі ретінде ойластырылған, – дейді галерея жетекшісі Бибігүл Исполова.
Көрме 21 қазанда сағат 16.00-де ашылады.
Кіру тегін.
Галереяның жұмыс уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін.