Үйлерді, жолдарды және инженерлік желілерді қалпына келтіру: Ақтоғай ауданын қандай өзгерістер күтуде

Үйлерді, жолдарды және инженерлік желілерді қалпына келтіру: Ақтоғай ауданын қандай өзгерістер күтуде

Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылында орталықтандырылған кәріз жүйесінің құрылысы басталды. Жобаны 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, ауданда Шашубай және Сарышаған кенттерінде екі көпқабатты үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Ақтоғай ауданының дамуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте аудан әкімі Салтанат Әбеуова айтып берді.

 – Ақтоғай ауылында экологиялық қауіпсіздік және жер асты суларын қорғау үшін орталықтандырылған кәріз жүйесінің құрылысы басталды, жоба 2024 жылы пайдалануға берілуі тиіс. Сонымен қатар, кәріз суларын жинақтау және тазарту бойынша қосымша жоба әзірленеді, –деп атап өтті Салтанат Әбеуова. – Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін биыл Кежек, Қуаныш, Үшарал ауылдарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Шашубай кентінде кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 100 пәтерлі бес қабатты үй, Сарышаған қаласында – 70 пәтерлі үй қалпына келтіріледі. Жұмыс қарқынды басталды.

Сондай-ақ, ауданда ветеринариялық пункттің құрылысы аяқталуда. Ғимарат келесі жылы пайдалануға беріледі.

– "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы аясында Ақтоғайда жұмыс істеп тұрған стадион ғимаратын қайта жаңартуға кірісті. Жұмыстар 2023 жылға дейін есептелген. Электр қуатымен қамтамасыз ету әлі де өзекті мәселе болып қала береді. Бұл үшін ауданның электр желілері аудандық коммуналдық меншікке берілді. Бүгінгі таңда құжаттарды дайындау және "ЖезРЭК" мекемесіне тапсыру жұмыстары жүргізілуде, – деді Салтанат Әбеуова.

Ауданда жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл Тасарал ауылына 13 шақырым кірме жол жөнделді. Алматы – Екатеринбург республикалық тас жолына іргелес жатқан жол учаскесі асфальтталған.

Балқаш – Ақтоғай – Ақсу-Аюлы жолының 16 шақырымы және Ақтоғай – Балқаш жолының 7 шақырымы орташа жөндеумен қамтылды. Жұмыстар Ақтоғай – Шылым – Ақжарық қатынасымен 10 шақырым жолдан басталды. Асфальттау келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, ендігі жылы Балқаш – Ақжайдақ станциясы жолының 73 шақырымын қайта жаңарту басталады.