Жеңіс Қасымбек Осакаров ауданының тұрғындарымен проблемалық мәселелерді талқылады

Жеңіс Қасымбек Осакаров ауданының тұрғындарымен проблемалық мәселелерді талқылады

Осы жылдың маусым айында Осакаров ауданының тұрғындары Жеңіс Қасымбекке жарықтың жиі сөніп қалуына шағымданған болатын. Бірнеше айдан кейін Қарағанды облысының әкімі тұрғындармен қайта кездесіп, осы және басқа да бірқатар мәселелердің қалай шешілетінін айтты.

Бұл кездесу Молодежный ауылында өтті.

Сонымен, КРЭК компаниясы жабдықты жаңартуды бастады. Электр тарату желілері, электр станциялары жөнделеді. Молодёжный кентін электр қуатымен жабдықтау мәселесі шешіле бастады.

Елді мекеннің әлеуметтік инфрақұрылымы да жақсаруда. Екі жыл бойы "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша барлық көшелерге асфальт төселді. Биыл екі мектеп пен мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Енді Есіл кентіндегі мектеп пен жолдарды, сондай-ақ Сарыөзектегі кентішілік жолды ретке келтіру жоспарда бар.

Кездесуде тұрғындар ауданның басты проблемаларының бірі – Молодежный ауылының ауруханасының тозығы жеткенін айтты.

– Қазір аурухананы күрделі жөндеуге ЖСҚ дайын. Келесі жылға бюджетті қалыптастыру кезінде біз қаражат салып, жөндеуді бастаймыз. Сондай-ақ, сіздердің медициналық мекемелеріңізді қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеміз, – деді Жеңіс Қасымбек.

Өңір басшысынан ауыл тұрғыны мал азығына қатысты көмек сұрады, өйткені ауданда жайылым жетіспейді.

– Шынында да, Молодежный кентінің айналасында жайылымдар аз, – деп растады облыс әкімі. – Мұндай мәселе бүкіл облыста бар. Бірте-бірте ол шешіледі. Пайдаланылмаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылады. Жақын арада ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы сіздердің ауданға келіп, барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Сондай-ақ, 200 бастан көп малы бар ауыл тұрғындары үшін облыста шөп пен жемге субсидия ретінде 500 млн теңге бөлінді.

Жалпы кездесу соңында Жеңіс Қасымбек тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.