Қарағандыда құтқарушылар аллеясы пайда болды

Қарағандыда құтқарушылар аллеясы пайда болды

Қарағанды Жеңіс саябағының орталығында құтқарушылар аллеясы ашылды. Салтанатты рәсім ТЖМ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орайластырылды.

Іс-шараға қала билігі, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқандардың туыстары қатысты. Қатысушылар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мұнда Қарағанды облысы ТЖД жаңа қызметкерлері ант қабылдады. Ведомствоның бөлімшелері салтанатты шеруге қатысты.

Ұйымдастырушылар мен қонақтар алғашқы ағаштарды отырғызды.

Болашақта аллеяда қаза тапқан құтқарушыларды еске алу үшін ескерткіш орнату жоспарлануда.

Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойынша