Қарағанды облысында 2600-ден астам адам бір жылға алдын ала сақтандырылды

Қарағанды облысында 2600-ден астам адам бір жылға алдын ала сақтандырылды

5 қыркүйектен бастап Қазақстанда МӘМС жүйесіне аллын ала бір жылға сақтандыру тетігі енгізілді. Бұл мүмкіндікті Қарағанды облысында 2600-ден астам адам пайдаланды.

Жаңа тетік сақтандырылған тұлға мәртебесін 12 айға алуға мүмкіндік береді, бұл ретте алдыңғы кезеңдегі аударымдар бойынша берешекті өтеу қажеттілігін айналып өтеді. Бұрын МӘМС бойынша қызметтерді алу үшін пациенттерге өткен 12 ай үшін жарналар төленуі қажет болатын.

Жаңа тетік бойынша сақтандырылушы мәртебесін алу үшін пациенттерге әр ай үшін жеке-жеке 3 мың теңге төлеу, яғни 12 төлем жасау қажет. 12 айда барлығы 36 мың теңге. Бұл ретте төлемдерді бірыңғай сомамен енгізуге болмайды.

Жарналарды кез келген екінші деңгейдегі банк, банктердің мобильді қосымшалары, терминалдар және "Қазпошта" филиалдары арқылы төлеуге болады. МӘМС жүйесіндегі сақтандырылушы мәртебесі жарналар төленген күннен бастап 12 айлық кезең өткенге дейін беріледі.

Егер мәртебе алдағы кезеңге қажет болса, онда жарналар келесі айдың төлем күнінен кейін төленуі керек. Төленген кезең аяқталғаннан кейін мәртебе тағы 3 айға созылады, бірақ кейіннен оларға жарналар енгізу қажет болады, әйтпесе қарыз пайда болады.

Төлемдерді "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік Корпорациясы 2–3 күн ішінде өңдейді. Олардың болуы және келесі жылға мәртебе беру туралы ақпаратты Қордың fms.kz ресми сайты, saqtandyrýbot телеграм арнасы немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

Төлемдер мен мәртебе туралы ресми құжатты eGov.kz электрондық үкімет порталынан "Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметі арқылы да алуға болады.

Сақтанушылар МӘМС пакетінде медициналық көмек ала алады, оған салалық дәрігерлердің консультациялары, рентген, ультрадыбыстық, КТ, МРТ және басқа да процедуралар түріндегі түрлі талдаулар мен диагностикалық тексерулер, жоспарлы емдеуге жатқызу, медициналық оңалту, жоғары технологиялық медициналық көмекті қолдана отырып емдеу, аурулардың алдын алу және диагностикалау кіреді.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша