
"Мен өз көзіме сенбедім", – деп мойындады Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының жас вокалисті Андрей Панкин. Онлайн режимінде ол Мәскеудегі "Ладино Полетье" халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, Гран-при иеленді.

– Мен Дунаевскийдің "Қызыл желкендер" мюзиклінен Меннерстің ариясын шырқадым. Бұл өте жақсы шығарма, сіз өзіңіздің барлық вокалдық деректеріңізді және диапазоныңызды көрсете аласыз. Диплом электрондық поштаға келді. Мен оны ашып, Гран-при алғанымды көргенде таң қалдым. Шынымды айтсам, мен өз көзіме сенбедім! Сасқанымнан хатты жауып тастадым. Біраз уақыттан кейін қайта аштым – жоқ, шынымен де ұтыппын. Өте қуаныштымын. Жүзден астам әнші қатысып, солардың арасынан мені таңдады. Концертмейстер Жанна Шестаковаға ризамын, онсыз бұл жеңіс болмас еді, – дейді Андрей Панкин.
Сол ариямен ол тағы бір қашықтықтан өтетін халықаралық байқауда – "Из тени в свет пролетая" (Мәскеу) шығармашылық жарысында бірінші орынды иеленді.

Музыкалық комедия театрының әртіс-вокалисті Мария Барикова да бұл байқаудың лауреаты атанды. Ол композитор Глеб Матвейчуктың "Құмарлық территориясы" мюзикліндегі Сесиль де Воланждың "Бұл махаббат" ариясын орындады.

Мария бірінші дәрежелі дипломмен, ал оның жетекшісі Маржан Бұланова алғыс хатпен марапатталды.
– Бұл менің алғашқы шығармашылық жарысым. Шығарманы орындаған кезде уайымдадым. Мен мұндай нәтиже бірден болады деп күткен жоқпын. Өте қуаныштымын, – деп бөлісті әртіс.