
Қарағанды облысының дарынды және шығармашылық өкілдері Halyq dauysy халықаралық музыкалық фестиваліне қатысуға шақырылады. Байқау – сіздің вокалдық талантыңыз туралы бүкіл әлемге айтуға жақсы мүмкіндік. Жүлде қоры – 3 миллион теңге.

Фестивальді ұйымдастырушы Halyq Radiosi жаңа орындаушыларға үлкен сахнаға шығуға, сондай-ақ жаңа авторлық шығармалар шығаруға көмектескісі келеді.
Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.

Байқауға қатысушылар музыкалық жанрына және орындаушылар құрамына қарамастан екі санатқа бөлінеді: 15 жасқа дейін және 16 +.
Вокалистер кез-келген музыкалық жанрдағы екі шығарманы қазылар алқасына ұсынуы керек.

Фестивальге өтінімдер 2022 жылдың 25 желтоқсанына дейін қабылданады.
Вокалистер кез-келген музыкалық жанрдағы екі шығарманы қазылар алқасына ұсынуы керек.

Фестивальге өтінімдер 2022 жылдың 25 желтоқсанына дейін қабылданады.
Байқаудың іріктеу туры 2023 жылдың 1 наурызына дейін өтеді. Содан кейін қосымша тыңдаулардың қорытындысы бойынша финалистердің есімдері жарияланады.
Үздік орындаушылар маусым айында Ertis Promenade (Павлодар қ.) сахнасында өтетін байқаудың финалына қатысады.
Қағидалармен фестивальдің ресми halykradio.kz сайтында танысуға болады. Мұнда сіз өтінімді толтырып, өз орындауыңызды аудио форматта жібере аласыз.
E-mail: halykradiosy1005@gmail.com.