Қарағандыда кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Қарағандыда кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтеді

22 қазанда халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздарды қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырады. Екі мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылады.

Іс-шараға облыс орталығының 50-ден астам жұмыс берушілері қатысады.

Жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген қарағандылықтар, пробация қызметінде есепте тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, жоғары және орта оқу орындарының жұмыссыз түлектері, одан әрі "Күміс жас" жобасына қатыса алатын зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатыса алады.

Жәрмеңке "Таир" сауда қаласында (Ғарышкерлер көшесі, 1в) сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.

Байланыс телефондары: (8-7212) 99-63-97, 99-63-93, +7-775-644-35-80 (WhatsApp қосымшасы).