
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 22 қазанда өзінің 90 жылдығына орай "Мұражайдағы түн" – "Мұражай достарын құшақ жая қарсы алады" мерейтойлық акциясын өткізеді. Қонақтар сағат 19.00-ден 24.00-ге дейін қабылданады.
Ойындар, викториналар, квесттер, көрмелер, лотерея, фото аймақ және концерт ұйымдастырылады.
Бағдарламада:
- "Ұлы даланың ұлы өркениеттері" жалпыұлттық тарихи реконструкция клубы - "Хан көтеру және руларға таңба тарату" тарихи реконструкция;
- мұражай экспозициясы бойынша "Жанданған тарих" театрландырылған экскурсиясы;
- Қазақстанның Тұңғыш гиперреалист мүсіншісі А. Есмағамбетовтың "Көрнекті тұлғалар" гиперреалистік фигураларының көрме-инсталляциясы;
- шебер-фест: Қарағанды handmade шеберлерінің жәрмеңкесі және сәндік-қолданбалы өнер және қолдан жасалған бұйымдар бойынша шеберлік сабақтары;
- "Мұражай заттарының құпиясы" квест-ойыны;
- "Мұражайдың үздік білгірі" өлкетану викторинасы;
- "Мұражай лабиринті" квест ойыны;
- "Тарихи лото" зияткерлік ойыны;
- "Сәттілікті жіберіп алма" лотереясының ұтыс ойыны (лотерея билеттері квест-ойындарға, викториналарға, зияткерлік ойындарға қатысушыларға беріледі);
- боди-арт: аквагрим, қынамен сурет және т. б. (мұражай фойесі);
- MUSEUM KRG-90 фотоаймағы;
- "Юбилейное" кафесі (мұражай фойесі);
- "Музыкалық феерия" концерт-дискотекасы.
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Ерубаев көшесі, 38 үй мекенжайында орналасқан. Анықтама телефоны: 56-45-63.