
Республика күніне орай Үштөбеде көкпардан "Сарыарқа кубогі" жарысы өтті.

Жарыста қарағандылық "Бәйтерек" клубының командасы жеңіске жетті, екінші орынды павлодарлықтар иеленді, үшінші орынды Астана құрамасы иеленді.

"Сарыарқа кубогі" биыл екінші рет өткізілді. Жарыстың мақсаты – еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде көкпарды дәріптеу. Жарысқа Астана, Павлодар және Қарағанды облыстарынан алты команда қатысты", – деді ұйымдастырушылар.

Командалық есептен басқа, үздік ойыншылар мен үздік арғымақ анықталды.

"Бәйтерек" командасының мүшесі Еркебұлан Тауасар үздік шабуылшы, Бұқар Жырау ауданының "Бабай" командасынан Айнияр Бердалинов үздік қорғаушы атанды.

"Бәйтеректен" Ақжал есімді жылқы үздік арғымақ деп танылды.

Жеңімпаз командаларға ақшалай сыйлықтар табысталды.
