
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Dala Dauysy республикалық шығармашылық байқауының басталғаны туралы хабарлады. Жалпы жүлде қоры 46 млн теңгені құрады.
Байқауға бес номинация бойынша 16 сыйлық кіреді: "Үздік фольклорлық музыка", "Үздік классикалық музыка", "Үздік драматургиялық шығарма", "Музыкалық-театр жанрының үздік туындысы", "Республика әні" (үздік патриоттық ән), сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің екі арнайы жүлдесі.
"Бүгінде жаңа өнер туындыларының авторларына қолдау көрсету маңызды. Сондықтан біз Dala Dauysy байқауын жариялаймыз.
Жаңа жоба жаңа жас авторлардың шығармашылығын, жаңа туындыларды, оның ішінде патриоттық әндерді насихаттауға түрткі болатынына сенімдімін", – деп атап өтті министрлік басшысы Дәурен Абаев.
Қатысуға өтінімдер 15 қарашаға дейін қабылданады.
Толығырақ ақпарат Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының сайтында www.kaztheatre.kz.
Жеңімпаздарды марапаттау 2022 жылдың желтоқсанында өтеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті